Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылады

19.10.2021 72

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасында мемлекеттік сатып алуды ерекше жағдайларда ғана бір жерден ұйымдастыру ұсынылып отыр. Құжатта одан басқа есеп-қисапты күшейту көзделген, атап айтқанда, осындай сатып алуды өткізуге тапсырыс берушінің бірінші басшысы жеке жауапты болады.

Комитет депутаттары заң жобасының осы және басқа да бірқатар жаңалықтарын талқылағаннан кейін құжатты Палатаның қарауына екінші оқылымға беру туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу