Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері талқылануда

19.10.2021 90

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, Алматы облысына сапар қорытындыларын талқылады. Атап айтқанда, сенаторлар кедендік әкімшілендіруге қатысты мәселелерді көтерді.

Комитет хатшысы Нұрлан Қылышбаев қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігінде проблемалық мәселелер бар екенін айтты.

«Алматы облысына сапар барысында өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, Қазақстаннан Қытайға тауар экспортын арттыру, автомобиль тасымалдарын дамыту мен қолдау, сондай - ақ кедендік заңнаманы жетілдіруге қатысты проблемалық мәселелер анықталды», - деді сенатор Нұрлан Қылышбаев.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев сенаторларға Қазақстан Республикасына тауарлар импорты көлемін ұлғайта отырып, Қытай өткізу пункттерін ашу, қытай тарапының бос тіркемелерді қабылдауды қамтамасыз етуі, қытай тарапының қазақстандық экспорттық тауарларды қабылдауы, шекара маңындағы теміржол инфрақұрылымын жетілдіру сияқты мәселелерді пысықтау қажеттігі туралы жеткізді. Сонымен қатар, вице-министр Алматы облысының әкімдігіне өсу әлеуеті бар салаларды кеңейту есебінен шекара маңы аймағында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау тапсырылғанын атап өтті.

Кездесуде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов және басқа да салалық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.

Қорытындылай келе, сенатор Нұрлан Қылышбаев бүгінгі кездесу барысында, сондай-ақ қыркүйек айының соңында Алматы облысына өткен Комитеттің көшпелі отырысы барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер ел Үкіметінің атына жолданатынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу