Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

19.10.2021 69

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев ҰҚШҰ ПА Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Ол кездесуге қатысушыларымен бірге ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі жанындағы Сараптамалық-консультативтік кеңес туралы ереженің жаңа мәтінінің жобасына қатысты мәселелерді талқылады.

Сенатор Андрей Лукин ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі әріптестерімен халықаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. ҰҚШҰ ПА Саяси және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы барысында қысқы сессия кезеңіндегі жұмыс қорытындыланды.

ҰҚШҰ ПА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде ҰҚШҰ-ның "Бітімгершілік қызмет және бітімгершілік күштер туралы", сондай-ақ "Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік туралы" үлгі заңдарының жобалары негізгі тақырыпқа айналды. Оның жұмысына сенатор Талғат Мұсабаев қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу