Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар жастарға патриоттық тәрбие мәселесін талқылады

20.10.2021 115

Сенаторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының басшылығы және қызметкерлерімен кездесуде Қазақстанның жас ұрпағына патриоттық тәрбие берудің маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттігін талқылады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің экспозиция залдарын да аралады.

Кездесуге қатысушылар еліміз тәуелсіздігінің қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді осындай экспозициялардың арқасында жастардың өз көздерімен көруге және патриотизм рухымен сусындауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Сол үшін Тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи маңызы бар фактілер, куәліктер мен оқиғалардың кең көрінісі әр залда орналастырылған.

Қазіргі уақытта барлық құнды экспонаттардың заманауи технологияларды ескере отырып салынған кең залдарда орналастырылғаны туралы сенаторларға айтып берілді. Мұражайда инновациялық және технологиялық шешімдер көрініс тапқан. Атап айтқанда, 3D-форматтағы голографиялық композициялар, электрондық карталар, мэппинг-шоу, touch-мониторлар, медиа-үстелдер және тағы басқалар келушілер назарына ұсынылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу