Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаттағы Үкімет сағатында Қазақстандағы сауданы дамыту мәселелері талқыланды

24.11.2021 102

Сенатта «Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саудасы салаларындағы заңнамалық базаны жетілдіру мен тиімді саясатты іске асыру» тақырыбына арналған үкімет сағаты өтті.

Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров үкімет сағаты отырысын аша келіп, Қазақстанның сауда саласында жүйелі проблемалар, оның ішінде көлеңкелі тұстары да бар екенін атап өтті. Төраға орынбасары сонымен қатар отын-энергетикалық тауарлар, атап айтқанда, экспорт көлемінің 51,5%-ын ақша баламасындағы мұнай және мұнай өнімдері бұрынғыша қазақстандық экспорттың негізін құрап отырғанын айтты.

«Біздің міндетіміз – сауда саласын тұрақты дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жүйелі және институционалдық негіз жасау болып табылады. Бірінші кезекте, ол ішкі нарықты сапалы және қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау. Ол сондай-ақ қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасау болып отыр», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Палата Төрағасының орынбасары сонымен қатар ЕАЭО елдерінің аумағында қазақстандық тауарлардың экспорты мен транзитіне әлі де шектеу бар екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық нарықтағы сертификаттарды техникалық реттеуде, қазақстандық сертификаттың басқа елдерде, оның ішінде ЕАЭО-да мойындалмауына байланысты проблемалар бар. Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бұл проблемаларды шешу Қазақстанның сыртқы және ішкі саудасын одан әрі дамыту үшін аса маңызды.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков өз кезегінде еліміздің сыртқы және ішкі саудасын дамыту Палата үшін басым мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол бүгінгі таңда қажетті тиісті заңнамалық база әзірленіп, мемлекеттік қолдау жүйесі жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Алайда, сенатордың айтуынша, депутаттардың кәсіпкерлермен кездесуі кезінде айтылған, әйтсе де шешімін таппаған мәселелер әлі де бар.

«Кездесу барысында бизнес субъектілері отандық нарықта импорттық, көбінесе сапасы төмен өнімдердің қаптап кетуі және сапа сәйкестігінің жалған сертификаттарының болуы мәселесін көтереді. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту деңгейінің төмендігі, жалға алу құны мен жылжымайтын мүлік объектілері бағасының жоғары болуы ШОБ-тың ірі сауда орталықтарына қолжетімділігін шектеуге алып келеді», - деді Дәурен Әділбеков.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов депутаттардың дәлелдерімен келісе отырып, сауданың тиімді дамуына бірқатар проблемалар кедергі болатынын, оның ішінде сауданың қазіргі заманғы түрлері мен сипаттарының аздығы, сапалы сақтау инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен сауда-логистика тізбегінің объектілерін үйлестірудің жоқтығы ауыл шаруашылығы өнімдерін ауқымды шығынға, делдалдың көбеюі мен бағаның негізсіз өсуіне алып келетін жеткізді. Сала басшысы Үкімет сағатының қатысушыларына бүгінгі көріністер мен қазіргі проблемаларды ескере отырып, министрлік Қазақстанның сыртқы және ішкі саудасындағы жағдайды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сенатор Дәурен Әділбеков үкімет сағатының жұмысын қорытындылай келіп, кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар Үкіметке жіберілетінін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу