Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер талқылануда

24.11.2021 108

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылады.

Заң жобасы Мемлекет басшысының бизнесті және азаматтарды қолдау жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұл заң жобасы бизнес-ортаны дамытуға оң әсерін тигізіп, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қолайлы кәсіпкерлік ахуал мен елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасайды деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет мүшелері заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Е.Үкібаев)

Бөлісу