Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесіне және тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

25.11.2021 57

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысып, биылғы қыркүйекте өткен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттарын сайлауы барысындағы Ассамблеядан барған халықаралық байқаушылар тобы жұмысының қорытындылары туралы қатысушыларды хабардар етті.

Асқар Шәкіров Достастықтың сегіз мемлекетінің атынан 25 парламентші құрамына енген байқаушылар тобының үйлестірушісі болған еді.

Асқар Шәкіров сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары және Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша арнаулы уәкіл ретінде «Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту және орнықты даму саласындағы мақсаттар» атты халықаралық конференцияға қатысты. Асқар Шәкіров конференция барысында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросына осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, денсаулық сақтаудың күрделі мәселелерін шешу және инновациялық шешімдерді енгізу үшін тиімді ынтымақтастықтың, күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Нұрлан Қылышбаев және Талғат Мұсабаев ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысып, әріптестерімен әлеуметтік саясат пен адам құқықтары, экономика мен қаржы, сондай-ақ саяси және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу