Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар жануарларды қорғауды күшейту туралы заң жобасын талқылады

14.12.2021 351

Жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейтіледі. Сенаторлар бүгін Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасының негізгі мақсаты жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін, жануарлармен жұмыс кезінде азаматтардың құқықтары мен өзге де заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ жануарларды ұстау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау мақсатында оларға жауапты қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

Құжаттың міндеті – жануарларды қатыгездіктен қорғауды күшейту, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ үй жануарларын қорғау саласындағы бірқатар басқа талаптарды реттеу болып табылады.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» ілеспе заң жобаларын талқылады.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген:  Н.Байбулин)

Бөлісу