Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды

22.12.2021 309

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы проблемалық мәселелер туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді. Оған Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Әли Бектаев дөңгелек үстел жұмысын аша келіп, Қазақстанда жалғасын тапқан урбанизация процесі қатты тұрмыстық қалдықтар санының жыл сайын, әсіресе қалаларда ұлғая түсуіне әкеп соғатынын атап өтті. Сондықтан осы салада жүйелі шаралар қабылдау бүгінгі күнгі маңызды міндеттерінің бірі екенін айтылды.

«Қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өңдеуге байланысты мәселелерді кешенді шешу – ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда қабылданған негізгі мемлекеттік құжаттар мен бағдарламаларда өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға мониторинг жасаудың, оларды қайта өңдеу мен кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесі жоқ деп айтуға болады. Бұл еліміздегі экологиялық жағдайға теріс әсер ететін негізгі факторлардың бірі», - деді Әли Бектаев.

Салалық министрлік басшысы Серікқали Брекешев қазіргі проблемаларды шешуге жүйелі түрде қарау маңызды екендігі жөнінде сенаторлармен келісе отырып, осы саладағы жағдайды жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы депутаттарды хабардар етті. Министрлік қазір 35 ірі елді мекендегі қалдықтар орналасқан орындарға мониторинг жүргізіп отыр. Қазірдің өзінде стихиялық 7 328 қоқыс орны анықталып, олардың 90%-ға жуығы жойылды. Дегенмен, министрік басшысы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей келе жатқанын атап өтті.

Әли Бектаев дөңгелек үстел барысында көтерілген барлық мәселелер мен айтылған ұсыныстар жалпы тізбеге енгізіліп, жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелерге жіберілетінін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу