Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Алтынбек Нухұлы: Президентіміздің үндеуі Қазақ Елінің жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталып отыр

11.01.2022 66

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Елімізге маңызды үндеу жариялады.

Президентіміз қоғамды алаңдатқан өте өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешімдер ұсынды. Соның кейбіреуіне тоқталар болсақ, алдыменен, экономикамыздың басым бөлігін құрайтын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қызметін түбегейлі саралау тапсырылды.

Утилизациялық алымды алу мемлекеттің құзырына өту керек екендігі айтылды. Бұл соңғы жылдары көпшілік  көтеріп келе жатқан мәселе болатын.

Президент жастар саясатына айрықша назар аударылатынын жеткізді. Жастарға мақсатты гранттар бөлуден басқа, отандық жоғары оқу орындарын күшейту.

Сонымен қатар елімізде шетелдік белгілі бес университеттердің филиалын ашу туралы тапсырма берді. Техникалық білім беруге басымдық жасай отырып, осы бағыттағы екі жоғары оқу орнының филиалын батыс өңірінен ашу қажеттілігі айтылды.

Жалпы алғанда, бүгінгі Президентіміздің үндеуі Қазақ Елінің жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталып отыр. "Бетеге кетсе бел қалар, Бектер кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар" - демекші, - Берекеміз кетуден сақтасын, енді мына жолдау бірлігімізді күшейтіп, берекемізді бекем қылар бастау болсын! Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға аянбай атсалысайық!

Алтынбек Нухұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бөлісу