Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Нариман Төреғалиев: Президент нақты тапсырмалар қойды

11.01.2022 84

Бүгін енді Мемлекет басшысы мынау Мәжіліс депутаттарымен бірге өткен жиында халыққа өзінің біраз мәселелерін айтқан болатын. Енді бұл мәселелердің барлығы да барша қазақстандықтардың ойында жүрген көкейтесті мәселелер. Осы мәселелерді Президент тек айтып қана қойған жоқ, және оны шешу жолдарымен нақты тапсырмаларды Үкімет алдына қойды және белгілі мерзім берді. Енді жаңа Үкімет құрамы тағайындалып болғаннан кейін осы мәселелерді шешуге арнайы жаңағы жұмыс тобы құрылатын және осы мәселелермен жаңа Үкімет айналысатынын да айтып өтті.

Енді мәселелердің ішіндегі басты-басты мәселелерге тоқталатын болсақ, біріншіден мынау еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін қазір антитеррорлық операция ары қарай жалғасатынын айтты. Және де барлық қазір осы елдегі бүлікшілердің барлығын соңғы адамына дейін жоймайынша бұл операция тоқтамайтынын айтып өтті. Енді халықты толғандырып жүрген мәселе мынау – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кешегі біздің елімізге келген бітімгершілікке қатысты да, бұл Мемлекет басшысы да, басқа да сарапшылар да, халықаралық ұйымдар да айтып жатыр.

Яғни, ешқандай алаңдаушылық жоқ, біріншіден, екіншіден, өзінің миссиясы біткеннен кейін бұл бітімгершіліктер өз елдеріне кететінін бүгін Мемлекет басшысы тағы да қайталап айтты. Сондықтан Қазақстан халқына менің айтарым – алаңдаушылық жоқ ол жөнінде. Тағы бір мәселе мынау – жаңа Үкіметтің алдында тұрған мәселелердің бірі, енді жалпы халыққа жаңағы қызмет ететін жаңа форматтағы жаңа мемлекетшіл қызметшілердің келуіне қатысты үлкен мәселерді алды. Мысалыға айта кететін болсақ, біз орташа жалақының артында қандай жаңағы жасырын жатқан мәселелерге көз жеткізгені туралы Президент айтқан болатын. Ол мынау еліміздегі қоғамдағы қарапайым халықтың арасындағы қазір теңгерімсіздік. Яғни, табысына байланысты жікке бөліну. Яғни, біреулері аса қатты байып кетті, біреулері аса қатты кедейленіп кетті. Бұл қоғамдағы жағдай, қазіргі жағдай. Оны Президент атап өтті.

Тағы бір мәселе – жалпы осы қоғамдағы мәселелер – жұмыссыздық мәселесі, әлеуметтік мәселенің бірі – жалақының мәселесі, жалпы елдегі басқа да, әсіресе, азық-түлік тауарларына қатысты мәселе, коммуналдық қызметтер мәселелеріне қатысты мәселе, осылардың барлығы да Президент айтқандай, қазір ешқандай оларға жаңағы көтерілу болмайды және оны 180 күнге дейін Мемлекет басшысы мораторий қойған болатын көтерілуіне. Енді осындай қордаланған мәселелермен қатар мына біздің кешегі антитеррорлық операция кезіндегі орын алған мынау біздің Қарулы Күштеріміздің арасындағы бір-бірімен жаңағы байланыстың жоқтығы, немесе өзінің жаңағы, осыларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерінің бар екенін атап өтті. Және де бүкіл құқық қорғау органдарын реформалау қажет екенін атап өтті. Кадрларды дайындау, оларды оқыту, олардың жалақысын көтеру, әсіресе, әскери қызметте, құқық қорғау органдарында жүрген осы кешегі елдегі тұрақсыздықты қалпына келтіруге қатысқан біздің азаматтарымыздың жаңағы өздерінің өмірін қиып, осы елдің тұрақтылығын сақтап қалуға атсалысқан азаматтардың  жағдайын атап өтті.

Жалпы осы барлық аталған мәселелер бұл еліміздің осы қоғамдағы тұрақтылығы, болашақтағы тәуелсіздігіміздің іргесі мықты болуына, және біз бүгін осы еліміздің осындай үлкен қиыншылықтан аман алып шығуына Мемлекет басшысының берген бағдарланған саясаты алдағы уақытта мемлекетіміздің жаңаша дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, үлкен-үлкен жаңағы тапсырмалар берілді. Осы жөнінде айтылды. Сондықтан да мен мынау барша қазақстандықтарды, өзімнің әріптестерімді осы Мемлекет басшысының бүгінгі айтылған тапсырмаларын орындауда тиянақты жұмыс істеуге және Мемлекет басшысының айналасына топтасып, қолдауға шақырамын.

Енді біздердің осы өңірлерге барып жүргенде, жиі халықпен кездесіп жүргендегі көтеріліп жүргендегі мәселелерге қатысты мана Президент айтып кеткен болатын. Ол мысалыға, әлеуметтік теңгерімсіздік, мынау аймақтардың арасындағы. Мысалыға айтайық, кейбір өңірлерде қаражат көп бөлініп жатыр, кейбір өңірлерге қаражат аз бөлініп жатыр. Оған дейін де айтып кетті Мемлекет басшысы, егерде қандай да бір әкімнің сол жерде беделі болса, ол сол жерге қаражат көп барды деген сөз. Ал басқа жердегі жаңағы аймаққа қаражат жетіспей жатады. Сондықтан ондай жағдайды болдырмау мақсатында да осы жағдайды айтып кеткен болатын.

Енді жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы біздің мемлекеттегі кадрлардың тазалығына қатысты да айтып өтті. Жалпы, ендігі мынау мемлекеттік қызметке келем деген азаматтарды іріктеу тәртібі де басқаша болатынына жаңа біз көзімізді жеткіздік. Сондықтан да болашақта қоғамымыз жаңағы осы жаңаша дамып, осы ең басты – еліміздегі халықтың талап-тіршілігіне жауап беретін жаңа мемлекет – жаңа үкімет болады деген сенімдемін.

Нариман Төреғалиев – ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бөлісу