Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді

03.05.2022 387

 

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста еліміздің үш жылдық бюджетіне өзгерістер енгізуге және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлеміне қатысты заң жобаларын талқылады.

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының міндеті елімізді одан әрі дамытуға бағытталған шараларды қаржылай қамтамасыз ету болып табылады. Оның ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын, өңдеу өнеркәсібі мен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру, қаңтар оқиғаларының салдарын жою, күшті құрылымдар мен төтенше жағдайлар органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру, сондай-ақ өңірлерді дамыту көзделіп отыр.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 4 030 млрд теңгеге дейін (1 630 млрд теңгеге ұлғайта отырып) ұлғайтуды көздейді. Бұл трансферт еліміздің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Заң жобалары қабылданғанда республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ететін болады. Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу