Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік пен кооперацияны дамыту мәселелерін талқылады

20.05.2022 150

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік пен кооперацияны дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Отырысқа ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «Атамекен» ҰКП және Қазақ экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының басшылары қатысты.

Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласы үшін тақырыптың маңызды екенін атап өтті. Ол өндіріс пен нарықтың дамуына кәсіпкерліктің зор үлес қосатынын атап өтті.

Сенатор Ольга Булавкина ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді, әсіресе шаруашылық жүргізетін шағын нысандарды кооперациялауды көздей отырып Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік аграрлық саясаттың басымдықтарының бірі екенін айтты.

«Кооперация ауыл шаруашылығы құралымдарының табысты жұмыс істеуіне, өнім шығару өндірісін, сақтау, қайта өңдеу және өткізуді бірлесіп ұйымдастыру мақсатында ұсақ және орта шаруашылықтарды біріктіруге, өнім өндіру және оны тұтынушыға жеткізу кезінде шығындарды төмендетуге ықпал ететін өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығын және жалпы АӨК- ні теңгерімді дамытуға ықпал етуге бағытталған», - деп атап өтті ол.

Сенатор аграршылардың мұндай кооперациясы тиімсіз болуы себептерін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл сенім арту деңгейінің төмендігіне, кооперацияның артықшылықтарына фермерлердің ынтасыздығы мен хабарсыздығына байланысты. Сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандырудың төмендігі мен кооперативтердің қалыптасу кезеңінде оларды капиталдандыру деңгейінің нашарлығы, кооперативтердің дамуын ынталандыру жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі де себеп болды.

Кездесу барысында салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың проблемаларды шешу жөніндегі жағдайға қатысты баяндамалары тыңдалды.

Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі агробизнес субъектілеріне арналған кешенді мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда. Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша жеңілдетілген лизинг пен несие болатыны атап өтілді. Ағымдағы жылы холдингтің еншілес компаниялары агробизнес субъектілерін қаржылық қолдаудың жоспарланған көлемі 374,9 млрд.теңгені құрайды.

Сенаторлар жұмыс кездесуін қорытындылай келіп, аталған шара барысында көтерілген ұсыныстар мен мәселелер Сенаттың салалық комитетінің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу