Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Талғат Мұсабаев Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының ғалымдары мен мамандарымен алдағы референдумды талқылады

01.06.2022 224

Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, оның барысында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-да болды, сондай-ақ бірқатар ғарыш кәсіпорындарын аралады.

Ғылыми орталықтар және мекемелердің ғалымдары мен мамандарымен өткен кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалар, сондай-ақ алдағы референдумды өткізудің маңыздылығын талқылау басты тақырып болды.

«Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформа Президенттің өкілеттіктерін басқа билік институттарына қайта бөлуге бағытталған. Бұл үдеріс әр адам өз елінің тағдырын шешуге тікелей қатыса алатын «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған», - деді сенатор.

Сонымен қатар, депутат кеңеске қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару қызметімен таныстырып, еліміздің ғылыми-техникалық дамуы мен ғарыш саласына қатысты ғалымдар ұсынған мәселелерді талқылады..

(Пресс-служба Сената, 74-72-27)

 

Бөлісу