Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар энергия тиімділігін арттыруды көздейтін заң жобасын талқылады

15.06.2022 183

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болоды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Құжаттың мақсаты энергия тиімділігі саласындағы заңнаманы жетілдіру және электр станцияларына газ қондырғыларын орнату жөнінде  инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.

Сонымен қатар заң жобасы Алматы қаласын дамыту аясында қоғамдық қатынастарды реттеуді жақсартуды, сондай-ақ шекара бөлімшелері мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерін салу жөніндегі мәселелерді шешуді көздейді.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заң жобасын Палата отырысында 2 оқылымда қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу