Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жобалармен танысты

15.06.2022 169

Бүгін Сенат елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобалардың қалай дамып жатқанын талқыға салды. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басшылығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын жүзеге асыру барысына тоқталды.

Жиын барысында қазақ тілін өз бетінше оқитын азаматтарға арналған Tilmedia.kz, Balatili.kz, Tilqural.kz, тіл сауаттылығын арттыруға бағытталған Termincom.kz, Emle.kz, Sozdikqor.kz сынды сайттар таныстырылды. Сондай-ақ маңызды салалық құжаттарды толтыру нұсқауларына бағытталған Qazcorpora.kz, Qujat.kz және Atau.kz веб-сайттары да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар 2024 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды талқылады. Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев депутаттарды дауыстық көмекші, мәтін енгізуге арналған қосымша, «Kazgramma» көпфункционалды бағдарламалық пакеті, балаларға арналған мобильді ойын қосымшалары, «Қазақ сөзі» мобильді қосымшасы сияқты пилоттық жобалар туралы хабардар етілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу