Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта Салық кодексіне өзгерістер талқыланды

22.06.2022 76

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және Үкіметтің салық салу мәселелері жөніндегі маңызды міндеттерін шешуге бағытталған.

Құжаттың мақсаты тау-кен саласына салық ауыртпалығын жетілдіру және жаңа кен орындары пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату болып табылады.

Заң жобасында электр энергиясына бағаның жиынтық сомасын және барлық кеншілер үшін төлем сомасын теңестіру есебімен цифрлық майнинг мөлшерлемесін орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ темекі өнімдерінің әртүрлі түрлеріне, оның ішінде қыздырылатын темекіге қатысты тауар акциздерін кезең-кезеңімен ұлғайту ұсынылды.

Бұл заң жобасы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, капиталды шетелге шығару қауіптерін азайту, жер қойнауын пайдаланудан қайтарымды арттыру, тиімсіз жеңілдіктер мен преференцияларды алып тастау, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіру үшін бюджетке қосымша қаражат ағынын ұлғайтады деп көзделіп отыр.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу