Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта инновацияларды ынталандыру мәселелері талқыланды

23.06.2022 51

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Жаңа құжат мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, электрондық құжаттарды қолдану аясын кеңейту және деректерді басқару жүйесін институттандыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы цифрлық трансформация және реинжиниринг арқылы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіруге серпін береді деп күтілуде.  Цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясын кеңейту, электрондық құжаттарды олардың қағаздағы баламасына теңестіру жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, құжат аясына ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін кеңейту де кіреді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу