Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар ЕКПА-ның жазғы сессиясының жұмысына қатысты

24.06.2022 502

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев, Нұрлан Бекенов, Әбдәлі Нұралиев және Бақтыбай Шелпеков Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Страсбургте өткен жазғы сессиясының жұмысына қатысты.

Сенаторлар сессия барысында еуропалық әріптестеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары, ауқымды саяси жаңғырту, жалпыұлттық референдумның қорытындылары мен Конституцияға енген және енді күшіне түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қатысушылар сонымен қатар парламентаралық диалогты одан әрі өрістету және ЕКПА-мен ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

ЕКПА парламентшілері өз кезегінде елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды мұқият байқап отырғандарын және Қазақстан Президентінің жаңғырту саясатының бағытын қолдайтындарын атап өтті.

Сенаторлар жүргізген келіссөздер Қазақстандағы саяси бағыт пен ағымдағы жағдай туралы месседжді еуропалық әріптестеріне сенімді түрде жеткізуге, сондай-ақ ЕКПА аясында парламентаралық диалогты нығайтуға мүмкіндік берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу