Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды

27.06.2022 205

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне Мәукен Еркешті сайлау туралы Президенттің ұсынысын қарады. Кеңейтілген отырыста депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

Заң жобалары қаржы пирамидалары туралы жарнаманы тарату кезіндегі қылмыстың бастапқы сатысында жолын кесуді көздейді. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 217-1-бабына жаңа құрам енгізіледі. Қаржы пирамидаларын құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілетін болады. Қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің аражігін нақты ажырату үшін ӘҚБтК-нің 150-бабының мақсаты нақтыланады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына бірінші оқылымда жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу