Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатор Ақылбек Күрішбаев астық шаруашылығын дамыту перспективаларын ғалымдармен талқылады.

04.07.2022 266

Сенатор Ақылбек Күрішбаев А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен астық шаруашылығын дамытудың алдағы перспективаларын талқылады. Кездесу депутаттың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Шортанды ауылында өтті.

««Институт ғалымдарының, соның ішінде Зерттеу университетін құруға қарсы болғандардың оптимистік көзқарасы мені таң қалдырды. Мен сөйлескендердің барлығы С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-мен біріккеннен кейінгі прогрессивті өзгерістерді атап өтті. Мысалы, ғалымдардың құрамы әлдеқайда жасарып, студенттер мен магистранттар зертханаларда және ғылыми салаларда тәжірибеден өтуде, институттың ғылыми-зерттеу және әлеуметтік базалары жаңартылуда», - деп атап өтті сенатор.

Кездесу барысында депутатқа екі жетекші ғылыми ұйымның ғылыми әлеуетінің синергетикасы сапалы жаңа ғылыми бағдарламалар дайындауға мүмкіндік бергені туралы хабарланды. Соның нәтижесінде Қазақ агротехникалық университеті мен Ғылыми-өндірістік орталық мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша конкурста 5,5 млрд теңге ұтып алды. Ал бұл аграрлық ғылымды бағдарламалық қаржыландырудың төрттен бір бөлігі.

«Енді ғылыми ұйымдардың басшылары өз бюджетін тиімді пайдалануы, оны ғалымдардың жұмысын ынталандыруға бағыттауы маңызды», - деп түйіндеді сенатор.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу