Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов қала маңындағы оқу-сауықтыру орталықтарында болды

01.08.2022 266

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болып, балалардың демалысын ұйымдастыру жағдайымен танысты.

Сенатор орталықтың жұмысынан хабардар болды және балалар демалысы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік пен рухани құндылықтарды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Бақытжан Жұмағұлов сондай-ақ каникул кезінде педагог-ұйымдастырушылармен және балаларға жауапты адамдармен кездесті, балалардың қауіпсіздігін сақтау мен құқықтарын қорғау жөнінде ойларымен бөлісті.

Депутат сонымен қатар Бурабай ауданының Қотыркөл аймағында орналасқан «Эдельвейс – Бурабай» балалар сауықтыру орталығында да болды.

Сапар аясында балалармен және педагогтармен кездесу өтті. Депутат балаларға демалысты тамаша өткізуге, педагогикалық құрамға өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде табысты болуларына тілектестігін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу