Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Нұрлан Бекенов Ақмола облысындағы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін тұрғындарымен бірге талқылады

10.08.2022 116

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысының Есіл ауданында болды.

Сенатор Ақсай ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру барысымен танысты. Мұнда су құбырын тұрғын үйлерге жеткізу жұмыстары жүріп жатқан болатын.

Нұрлан Бекенов халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталды және салалық мемлекеттік орган жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына баса назар аударып, оны белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті.

Депутат сонымен қатар Есіл қаласындағы орта мектепте болып, оқу процесіне дайындық барысымен танысты. Ұстаздар қауымы кездесу барысында мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді. Нұрлан Бекенов бұл мәселені бақылауға алатынын және тиісті мемлекеттік органдардың басшылығына жеткізетінін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу