Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

«Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті

08.09.2022 171

Сенатор Ерік Сұлтановтың төрағалығымен «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтіп, онда алдағы сессияның жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

Кездесу барысында Ерік Сұлтанов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат шын мәнінде ел өңірлерінің мүддесін білдіретін Палатаға айналуы тиіс екенін атап өткенін тілге тиек етті. Осы орайда сенатор Сұлтанов «Өңір» депутаттық тобының мүшелері өңірлік саясатты жетілдіру бағытында жұмысты жандандырып, даму деңгейін көтеруге атсалысуы керектігін атап өтті.

Бұл ретте жиында депутаттық топ жетекшісінің жаңа орынбасары сайланып, ол сенатор Ғұмар Дюсембаев болды. Сондай-ақ, Нариман Төреғалиев бұған дейін Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланғандықтан, оның орнына Батыс Қазақстан облысынан «Өңір» депутаттық тобына депутат Ләззат Рысбекова қосылды.

Сонымен қатар, депутаттық топқа Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Айнұр Арғынбекова, Ғалиасқар Сарыбаев және Серік Шайдаров енді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу