Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар ЕЭК жұмысын жетілдіруге бағытталған заң жобасын талқылады

20.09.2022 130

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Құжаттың мақсаты Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін жетілдіру болып табылады.

Заң жобасы сонымен қатар Комиссия департаменттерінің директорлары және олардың орынбасарларымен Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге еңбек шартын жасасуды көздейді, комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленеді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

 

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу