Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта отандық кинемотографияны дамыту мәселелері талқыланды

21.09.2022 178

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар отандық кинематографияны, мәдениет саласын және Қазақстанның мерекелерін одан әрі дамытуға қатысты заң жобасын талқылады.

Заң жобасында отандық кинематографияны ынталандыру үшін Ұлттық кинокомиссия құру, шетелдік инвесторларды тарту, халықаралық кинобизнес-алаңдарда және басқа да іс-шараларда Қазақстан Республикасының киноиндустриясын көрсету көзделіп отыр.

Құжаттың мақсаты мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру, кинематографиялық қызмет субъектілерінің аясын кеңейту, ұлттық фильмдерді халықаралық ареналарда ілгерілету және ұлттық фильмдерді түсіруге бөлінетін қаржының: 70 пайызын - тарихи, патриоттық және имидждік, 30 пайызын - жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдер жобасын бірге қаржыландыруға бөлудің жаңа тәсілдерін айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Заң жобасында сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады, олар ұлттық мереке – 25 қазан Республика күнін және мемлекеттік мереке – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып белгіленген.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу