Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы сауданы жеңілдету туралы заң жобасын талқылады

27.09.2022 126

Сенатор Дәурен Әділбековтың төрағалық етуімен Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты Келісімнің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 27 қазанға дейін ұзарту және тараптар арасындағы сауда артықшылықтары тәртібін бұзуға жол бермеу болып табылады.

Келісім ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы тауарлар саудасын еркінсітуге және оңайлатуға бағытталған. Заң жобасы осылайша тараптар арасындағы экономикалық іс-қимыл мен өзара сауданы қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ Уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту сауданың бажсыз тәртібін сақтауға мүмкіндік беретінін және отандық тауарлардың Иран нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай туғызатынын атап өткен жөн.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу