Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар Жаһандық жасыл өсу институтының білім қорына қол жеткізуге мүмкіндік беретін заң жобасын талқылады

03.10.2022 111

Сенатор Әли Бектаевтың төрағалық етуімен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты экономикалық өсудің жаңа үлгісін әзірлеу және таратуды көздейтін жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Келісімге елімізді қосу болып табылады.

Келісім жаһандық жасыл өсу институтын заңды тұлға және құқықтық қабілеті бар халықаралық ұйым ретінде құру кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Осы Келісімді ратификациялау қандай да бір міндеттемелерді қабылдамайды және техникалық көмек тарту мүмкіндігімен институттың сараптамалық әлеуеті мен жинақталған білім базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу