Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар экономиканы, мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылады

04.10.2022 257

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Цифрлық үкіметті қолдау орталығында жұмыс бабындағы көшпелі кездесу өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

«Цифрландыру – бәсекеге қабілетті заманауи экономика мен мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі бөлшегі. Бұл саладағы негізгі міндеттер – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық процестерін цифрландыру, цифрлық теңсіздікті жою, шалғайдағы елді мекендерді де сапалы интернетпен қамтамасыз ету», - деп атап өтті Дәурен Әділбеков.

Кездесуге сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, экология, геология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б. Серікбай)

Бөлісу