Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы сауда-саттық туралы заң қабылдады

06.10.2022 131

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

Отырыста депутаттар екі заңды қарап, қабылдады. Оның бірі ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы сауда-саттыққа қатысты болса, екіншісі Қазақстанның Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімге қосылуына байланысты заң.

«2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы сауда-экономикалық іс-қимылды қолдауға бағытталған.

«Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға арналған. Қабылданған Заң Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымының ұлғаюына оң әсерін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

«Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда қарастырылған нормалар еліміздің сарапшылары үшін Жаһандық жасыл өсу институтының білім базасы қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ заң осы бағытта жұмыс істейтін халықаралық ұйымдармен және институттармен ынтымақтастықты жандандыруға арналған экономикалық жасыл өсу моделін құруға мүмкіндік береді.

«Келісім елімізде жасыл экономика моделін енгізу ісін ілгерілетуді көздейді. Қабылданған заң Жаһандық жасыл өсу институтының серіктес елдерімен экологиялық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасуға жол ашады. Сол арқылы Қазақстанды теңгерімді және тұрақты дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді Сенат Төрағасы.

 

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу