Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесті

26.10.2022 169

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Сырдария ауданының бизнес өкілдерімен кездесті.

Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысының бизнесті дамыту жағдайын жақсартуға және экономикалық басымдықтарға қол жеткізуге бағытталған бастамалары туралы айтып берді.

«Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты – өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыруға бірінші кезекте әсер ететін кәсіпкерліктің дамуымен танысу», - деді Дәурен Әділбеков.

Шағын және орта бизнес өкілдері өз кезегінде келешегі зор бірқатар жобаларды іске асыру барысы туралы депутаттарды хабардар етті. Сондай-ақ олардың тиімді қызметіне кедергі болатын мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.

Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша барлық айтылған проблемалар мен ұсыныстар мүдделі орталық мемлекеттік органдармен білге талдау жасалып, зерделенетіні және Сенаттың одан әрі заң шығару қызметі барысында ескерілетіні туралы айтты.

Парламентшілер сонымен қатар Шиелі ауылында болып, осы өнімді шығарудағы ең заманауи әдіс болып табылатын цементті құрғақ өндіру технологиясы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорынның қызметімен танысты.

 «Бұл кәсіпорын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай Халық Республикасымен тығыз ынтымақтастықтың нәтижелі үлгісі болып табылады. Сондықтан біз үшін зауыт қызметімен танысу ғана өзекті емес, сонымен қатар оны одан әрі дамыту келешегін талқылау, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен қызметтің оң тәжірибесін зерделеу және ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту», - деп атап өтті сенатор Әлімжан Құртаев.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу