Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар елдің арнайы экономикалық аймақтарының жағдайын зерделеді

29.10.2022 203

Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында болды. Олар арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіру тетіктерін зерделеу мақсатында АЭА-ның бірқатар нысандарын аралады.

Сенаторлар еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды дамытуға және экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестиция тартуға бағытталған «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болды. Депутаттар экономикалық аймақтың жалпы аумағы 9 субаймақтан тұратыны және ауданы 2 140 гектарды құрайты туралы хабардар болды.

Парламентшілер сонымен қатар жол битумын өндіру жөніндегі кәсіпорынның жұмысымен танысты және «Құрық порты» мен «Ақтау теңіз сауда портында» болды.

«Біздің келуіміздің мақсаты – арнайы экономикалық аймақ қызметімен танысу, құрылыстың аяқталмауы және инфрақұрылымды жүргізу, өңдеу өнеркәсібіне жеке инвестицияларды тарту деңгейі бойынша мәселелерді талқылау, сондай-ақ арнайы экономикалық аумақтарында қолданыстағы және іске асырылып жатқан жобаларды қарастыру», - деді комитет төрағасы Серікбай Трумов.

Депутаттар сапарды қорытындылай келіп, комитет мүшелерінің өңірлерге сапарының қорытындысы бойынша «Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілетінін айтты. Онда осы сапарда көтерілген барлық проблемалық мәселелер талқыға салынатын болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу