Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта Конституциялық заңдардың жобалары қаралады

31.10.2022 395

Парламент Сенатының Бюросы 2022 жылғы 3 қарашада өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған бірқатар заң жобасын қарайды.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңдардың жобалары Сенат отырысының күн тәртібіне енгізілді.

Сонымен қатар Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да қарайды.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу