Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта азаматтарды қолжетімді әрі сапалы әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

23.11.2022 101

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің негізінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың мәселелері» тақырыбы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Шара барысында қатысушылар ана мен баланы қолдау, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сенатор Ләззат Қалтаева Әлеуметтік кодекстің жобасы әлеуметтік саладағы заңнаманың барлық қолданыстағы ережелерін бір құжатта жинақтау және халықтың оларды түсінуін жеңілдету мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Қолданыстағы заңдарды кодификациялау оларды оңайлатады және түсінудіжақсартады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 1 кодекс және 16 заң қолданылады. Заңнамалық актілердің осындай саны азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтарының көлемін түсінуінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Әлеуметтік кодекс қабылданған кезде азаматтың басынақандай да бір іс түссеөзіне тиесілі құқықтарды бағдарлау әлдеқайда жеңіл болады», - деді Ләззат Қалтаева.

Депутат сонымен қатар Әлеуметтік кодекстің қабылданғанда 80-нен астам заңға, оның ішінде  Конституциялық 2 заңға өзгерістер енгізіледі, 10 заң күшін жояды деп атап өтті. Кодекс мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеудің негіздерін белгілеуге тиіс. Сондай-ақ, онда әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлері жазылуы тиіс, онда оларға ден қою шаралары, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары, төлемдердің мөлшері және т. б. айқындалатын болады.

Комитеттің кеңейтілген отырысының жұмысына Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, білім, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, қаржы, сондай-ақ инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты. Аймақтардағы мәслихаттардың өкілдері, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне маманданған ЮНИСЕФ өкілдігінің және отандық ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері де осы мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

Бөлісу