ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының кезектен тыс отырысына қатысты.
Депутат басқа елдерден келген әріптестерімен бірге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі сайлау процестері мен егемендігін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ биологиялық және токсиндік қаруды әзірлеуге жол бермеу мәселелерін талқылады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)