Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар бағалы металл өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

30.11.2022 178

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов бастаған депутаттар «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында болды.

Құрамында бағалы металдар бар тазартылған шикізатты өңдеумен айналысатын кәсіпорын туралы сенаторларға айтылды. Кәсіпорын өнімінің нәтижесі – күміс және алтын болып табылады.

Мемлекеттің бағалы металл активтерін толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға басым құқығы аясында тазартылған алтын өндіру көлемінің 99%-дан астамы Қазақстан Ұлттық Банкіне сатылатыны туралы да депутаттарға хабарланды.

Депутаттар кездесу барысында жуырда қабылданған Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, алтыннан жасалатын зергерлік бұйымдар шығаратын кәсіпорындар мен фабрикалар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылатынын компания қызметкерлеріне айтты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу