Сенатор Дүйсенғазы Мусин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жалғыз мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысып, ондағы ғалымдармен сала мәселесін талқылады.
Депутатқа аквамәдениет, ихтиология, гидробионт генетикасы зертханаларының жұмысы көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын, балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен келешегін және ғылымды дамытудың басқа да өзекті мәселелерін талқылады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)