Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта ерекше тауарларды бақылау тетіктерін жетілдіру туралы заң жобасы қаралды

06.12.2022 95

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар тауарларды бақылау саласына қатысты заң жобаларын қарады.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» заң жобасы тауарларды жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасында экспорт, импорт, транзит, реэкспорт, экстерриториялық реэкспорт және экстерриториялық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты кезіндегі қауіптерді бағалау өлшемшарттарын және осы саладағы өзге де ерекшеліктерді енгізу реттелген.

Құжат ерекше тауарларды бақылаудың тиімді тетігін жасауға, оларға қатысты қауіптерді жоюға, сондай-ақ отандық экономиканы халықаралық байланыстар жүйесіне кіріктіруге жағдай жасауды қамтамасыз ететін болады.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасы арқылы 6 кодекске және 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың құзыреттері, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара ақпараттық іс-қимыл жасау тәртібі нақтыланады және толықтырылады. Сондай-ақ заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі, рұқсат беру тәртібі және өзге де талаптар өзгереді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

Бөлісу