Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта баланы бір жарым жасқа дейін күтуге берілетін жәрдемақы туралы заң жобасы қаралды

06.12.2022 191

Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заң жобасын талқылады.

Құжатта жастардың жастық межесін 35 жасқа дейін ұлғайту, жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейту, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруды және волонтерлік қызметті дамытуды қосу, сондай-ақ баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселелері қарастырылған.

Депутаттар бұл ережелер мемлекеттік жастар саясаты мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге ықпал етеді деп санайды.

Сенаторлар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

 

Бөлісу