Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтеді

06.02.2023 146

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда 2023 жылғы 9 ақпанда өтетін Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.

Отырыста Бюро мүшелері 17 ақпанда Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу туралы қаулы қабылдады.

Сенаторлар алдағы отырыста бірқатар заңды қарайды. Солардың бірі «Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң. Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақта кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу тәртібінің сақталуын, бюджет қаржысының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуді көздейді. ЕАЭО қызметінің негізгі реттеуші тетіктерінің бірі ретінде кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу тәртібін жетілдіру – басты міндеттердің қатарына жатады.

«Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңның негізгі мақсаты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты рәсімдерде барынша және өзара құқықтық көмек көрсету, екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыру болып табылады.

Депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды да қарайды.

Сонымен қатар Бюро мүшелері Сенаттың Парламент функцияларын орындауына байланысты Мәжіліс Аппаратынан талап етілген және Сенатқа Үкіметтен келіп түскен заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу