Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ольга Перепечина ТМД ПАА мен ҰҚШҰ ПА байқаушыларымен кездесті

17.03.2023 246

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті.

Ольга Перепечина әңгіме барысында биылғы жыл елімізде маңызды саяси оқиғалармен, атап айтқанда Сенатқа депутаттарды сайлау және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлаумен басталғанын атап өтті. Бұл Қазақстандағы ауқымды ішкі саяси өзгерістер аясында жүзеге асуда.

«Ауқымды конституциялық реформаларды ескере келгенде, Сенат еліміздегі өңірлер мүддесін білдіретін палатаға айналды. Осылайша, алдағы Мәжіліс сайлауынан кейін еліміздіңбүкіл саяси жүйесін кешенді қайта жаңғырту аяқталады. Мәжіліс пен мәслихаттарға депутат сайлау жаңа аралас жүйе – партиялық тізім менбір мандатты округтер бойынша өтеді. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялардың өкілдерін сайлауға мүмкіндік береді, осылайша Парламенттің өкілдік қызметі қамтамасыз етіледі», - деді сенатор.

Ольга Перепечина сонымен қатар әйелдерді, жастарды және мүгедектігі бар адамдарды саяси процестерге белсенді тарту үшін елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті. Мәслихат пен Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың жалпы санының 30%-ы квотаға сәйкес осы санаттағы азаматтардың өкілдері құрауы тиіс. Бұл белгілі бір мәселелерді шешуге бағытталған шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді.

ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА байқаушылар миссиясының мүшелері өз кезегінде Қазақстан сайлауды жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

 

Бөлісу