Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Бибигүл Жексенбай ТүркПА-ның жалпы отырысына қатысты

02.05.2023 357

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Сенатор әділетті әлем құрудағы парламенттік дипломатияның маңызы туралы тақырыпты Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжандағы әріптестерімен бірге талқылады. Қатысушылар энергетика, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бибигүл Жексенбай Түркі мемлекеттерінің парламентші әйелдер тобының ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардағы басшылық лауазымға орналасатын әйелдерге міндетті квота енгізу мәселесіне арналған жұмысына да қатысты. Сенатор өз сөзінде осы бағытта белсенді диалог пен нақты іс-қимылдың қажеттігін атап өтті.

«ТүркПА парламенттеріндегі әріптестерді біздің қоғамды толғандыратын мәселелерді шешу үшін кешенді бағдарлама мен нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шақырамын. Тәжірибе алмасуды қолдап, осы саладағы заңнаманы жақындастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деді Бибигүл Жексенбай.

Депутат кездесуге қатысушыларды гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен де таныстырды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу