Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдету мәселелері талқылануда

04.09.2023 218

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, онда Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы заңды талқылады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыруға және мерзімін қысқартуға бағытталған.

Атап айтқанда, Келісім өткізу пункттерінде шекараны кесіп өтудің тәртібін, кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мақсатында кедендік ресімдеуді жеңілдетуді, салаларда құқық бұзушылық белгілері болған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік тексеруден босатуды көздейді.

Сенаторлардың пікірінше, Келісімді ратификациялау кедендік рәсімдерді оңайлатуға және оңтайландыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдаушылар үшін жағдайды жақсартады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу