Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Лукин: Қылмыстық-атқару жүйесіндегі заң талабының бұзылуы қоғамда теріс көзқарас туғызады

13.09.2023 201

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары бүгінгі отырыста Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде қылмыстық-атқару заңнамасындағы талаптарды ұстау шарттары бойынша сақтау мәселелерін талқылады.

Комитет төрағасы Андрей Лукин соңғы уақытта қылмыстық-атқару жүйесі орындарында сотталғандар тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да заң талабының бұзылу түрлері жиілеп кеткенін атап өтті. Ұялы телефондарды пайдалану, әлеуметтік желілерде дау-дамай туғызатын фотосуреттер және басқа да құқық тәртібінің бұзылуы қазақстандықтар тарапынан лайықты теріс бағасын алып отыр, деді депутат.

«ҚАЖ мекемелерінде кейінгі кезде болған оқиғалар қылмыстық-атқару жүйесіндегі кемшіліктерді ашып көрсетіп отыр. Мекемелерде ұялы телефонды пайдалану немесе сотталғандардың құқықтарын бұзуға байланысты оқиғаларға жол берілмеуі керек. Ондай деректер бұқаралық ақпарат құралдарында бірден көрініс табады және қоғамда теріс көзқарас туғызады», - деді сенатор Лукин.

Депутаттар бұл деректер қылмыстық-атқару жүйесі жүйесінде, оның ішінде ұстау шарттарын сақтау жөнінде проблемалар бар екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов және Бас прокуратураның заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Әміралин отырыс барысында баяндама жасады.

Кездесуге Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қайрат Ақтанов қатысты.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірледі және ол Үкімет атына жіберілетін болады. Депутаттар сонымен қатар қылмыстық-құқықтық жүйенің заңнамалық базасын одан әрі жетілдіруге күш-жігерін салуға дайын екендіктерін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А. Байжуманов)

 

Бөлісу