Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

18.09.2023 270

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 21 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Соған сәйкес сенаторлар жалпы отырыста «Қоғамдық бақылау туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжаттар азаматтардың ел тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.

Сонымен қатар заңда оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін регламенттеу сияқты қоғамдық бақылау саласын реттеу бойынша бірқатар шара қарастырылған.

Бюро отырысында осы аптада өтетін іс-шаралар да пысықталды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтеді.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу