Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта Қазақстан мен Өзбекстанның энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісім талқыланды

20.09.2023 148

Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Өзбекстанның кедендік шекарасы арқылы құбырмен және электр желісі арқылы өтетін энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Құжатта есептеу аспаптарынан көрсеткіштер алу жөніндегі ай сайынғы шараларды жүргізу арқылы энергия ресурстарын кедендік бақылаудың бірлескен тетігі белгіленді. Бұл жұмысты Тараптардың кеден органдары балансында есепке алу торабы бар мекемелердің өкілдері бірлесіп жүргізетін болады.

Сенаторлардың айтуынша, заң қабылданғанда кедендік декларациялау кезінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге ықпал етеді және кедендік бақылаудың тиімділігін арттырады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу