Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар балалар мүгедектігінің көбейіп бара жатқаны туралы мәселені талқылады

28.11.2023 91

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының ғимаратында Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы болды. Ол «Балалар мүгедектігінің өсу мәселелері: ерте араласу, ведомствоаралық тәсіл» тақырыбына арналды.

Кеңес төрағасы Ләззат Қалтаева отырысты аша келіп, елімізде мүгедек балалар санының көбейіп бара жатқанына жан-жақты тоқталды.

«Сырқатқа тап болған балалар біздің жүйеде 3 жастан кейін барып қамтылады. Сол кезде қауіпті топтағы балаларды анықтау және мұқтаж жандарға уақтылы көмек көрсететін ең қолайлы уақытты жіберіп алады. Біз әлемде және Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға салыстырмалы түрде талдау жасауымыз керек. Балалардың мүгедектік себебінің негізгі құрылымын және бұл ерекше баланың отбасының әлеуметтік деңгейіне қалай байланысты екенін түсіну керек», - деді Ләззат Қалтаева.

Сенаторлар ерекше балаларды дамыту және баланы мүгедектік тобына жатқызуды күтпей, проблема анықталған сәттен бастап емдеу шарасын уақытында бастау мәселелерін кездесуге қатысушылармен бірге талқылады.

Шара барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Назгүл Сағындықова сөз алып, министрліктің осы бағыттағы жұмысы туралы кеңес мүшелеріне айтып берді. Ол мүгедек балаларды инновациялық техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге және шағын және микро оңалту орталықтарын құруға бағытталған «Техникалық оңалту құралдарының инновациялық фабрикасы» атты іске асырылып жатқан жоба туралы хабарлады.

Отырыс жұмысына денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет және ақпарат министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ сарапшылар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу