Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта салық салу және басқа да міндетті төлемдер мәселелері талқыланды

29.11.2023 214

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылады.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және салық салудың өзекті мәселелерін шешу мақсатында әзірленген болатын. Заң инвестиция тартуды ынталандыруға, бизнес-ортаны дамытуға, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған.

Сенаторлар сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды кейінге қалдыру институтын енгізу жөніндегі Салық кодексіне сәйкес келтіруді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарады.

Сенаторлардың айтуынша, заңдарды қабылдау салық саясатын жетілдіруге, кәсіпкерлікке қолайлы орта құруға, стратегиялық мақсаттарды іске асыруға және елімізді әлеуметтік-экономикалық одан әрі тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу