Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Әзербайжандағы президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысуда

07.02.2024 324

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Әзербайжанда өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың барысын байқауға қатысуда. Ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі болып табылады.

Сенатор басқа елдердің әріптестерімен бірге Баку қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде болды. Учаскенің ашылуы барысында ТМД ПАА байқаушылар миссиясының басшысы дауыс беру шарттарымен танысты.

«ТМД ПАА Әзербайжан заңнамасын халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, БҰҰ-ның Адам құқықтары декларациясына, адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактілерге, көптеген конвенциялар мен халықаралық келісімдерге қаншалықты сәйкес келетіндігі тұрғысынан талдау жасады. ТМД ПАА халықаралық институтының қорытындысы бойынша Әзербайжан заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, жұмыс барысында осы сайлаудың өту жолдарын да байқап отырдық. Президенттікке үміткерлердің сайлау штабтарын көрдік, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер болды, мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді. ТМД ПАА тобының әрбір байқаушысы өз қалауы бойынша сайлау учаскелерінде болды. Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу үшін ауқымды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді», - деді Жақып Асанов.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу