Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сұлтанбек Мәкежанов Әзірбайжандағы президент сайлауында ЕҚЫҰ ПА атынан байқаушы болды

07.02.2024 222

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан Әзірбайжан Республикасындағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысуда.

Сенатор басқа елдерден келген әріптестерімен бірге ашылған кезде сайлау учаскелерінде болды. Олар дауыс беру аяқталғаннан кейін урналарды ашу және дауыстарды санау процесіне байқау жүргізеді. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы сайлау науқанының ашықтығын бағалауға, сайлауды ұйымдастыруға, дауыс берудің жаңа технологиясына және сайлауды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуге ерекше назар аударды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу